Қазақстан Республикасының Нотариаттық палатасы Халықаралық нотариаттық одақтың толыққанды мүшесі.
Бүгін Комитет Төрайымы Имашева Снежанна Валерьевна, Республикалық нотариаттық палатының төрайымы Жанабилова Асель Болатказиевна, депутат Колода Дмитрий Владимирович, Халықаралық нотариат одағының төрағасы Лайонель Галлиез, Франция нотариатының жоғары кеңесінің (Вице-президенті) төрағасының орынбасары Лоуренс Легуил, Француз нотариатының Жоғары Кеңесі Бас директоры Жером Ференбахпен кездесіп, халықаралық нотариат институтының бүгінгі күнгі практикасын талқыладық.
Кездесу барысында француз нотариаттары туралы мәліметтер алдық. Францияда 17000 нотариус бар екен (оладың халық саны 65 млн. жуық, яғни 3800 адамға бір нотариус). Бізде 4400 нотариус.