Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Монғолия еліндегі іс-сапар

Монғолия елінде 130 мыңнан астам қазақтар тұрады. Соның ішінде, Улан-Батор қаласы Налайх ауданында 10 мыңға жуық қазақтар орналасқан. Аудан тұрғындарының 4,5% құрады.

Налайх ауданы менің тарихи тағдырым үшін ерекше мекен.

Кеше іс-сапар барысында тума өлкеме барып, балалық шағым өткен Мәдениет сарайында сөз сөйлеу көңілімді ерекше толқытты.

Әкемнің көзін көрген ағайындармен жүздесу ыстық сезіммен ұласты.

Басқа ұлттың арасында отырған ағайындар дәстүрінен, тілінен, дінінен, мәдениетінен айырылып қалмау үшін қолдарынан келетін барлық шараларын жасап отыр екен.

“Ел бірлігі” Үкіметтік емес ұйым мұрындық болып қазақ дәстүрді жаңғыртып, ханафи масхабын дәріптеп ірі - ірі жұмыстар жасап жатыр екен.

Тиісінше, уақыт үлгеріміне сай қазақ мәдениет орталығында қонақ болып қайттық.