ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің Төрағасы Н.Б.Жүсіп төрағалығымен жаңадан құрылатын "Бір ел - бір мүдде" депутаттық тобының ережесі мен құрамының жобасын талқылау жөніндегі отырысқа қатысты.
Депутаттық топ туралы ереже оның қызметін ұйымдастырудың мәртебесін, өкілеттіктері мен тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасы Парламентінің "Бір ел - бір мүдде" депутаттық тобы депутаттардың ерікті бірлестігі болып табылады және елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы заңнамалық қамтамасыз етуді үйлестіру үшін құрылады.
Депутаттық топтың жетекшісі болып Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, хатшы болып Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева сайланды.