Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен кафедралар қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты.
Алаң спикерлері талқылау барысында азаматтардың әлеуметтік-саяси процестерге қатысу дәрежесін арттыру және жастар бастамаларын кешенді қолдау негізінде жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселелерін қозғады.