Шаталов
Никита
Сергеевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
көшпелі отырыс

Қазіргі уақытта «Электрондық қаржы орталығы» АҚ бюджеттік процесс саласындағы мемлекеттік органдардың жүйелерін ақпараттандыру саласындағы жетекші, бейінді және мамандандырылған ұйым болып табылады. Депутаттарға байланыс орталығының, ахуалдық орталықтың және қаржы Министрлігінің басқа да IT жобаларының жұмысы таныстырылды.

Кездесу барысында Қаржы вице-министрі Э. Қазғанбаев отырысқа қатысушыларға министрліктің «Е-Salyq-Azamat», «E-Salyq-Business» және Мемлекеттік сатып алу порталы сияқты жобалары туралы айтып берді.

Отырысқа қатысушылар бюджеттік процесс саласындағы ақпараттандыру саласын жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты және бизнес өкілдері мен халықтың пайдалануына ыңғайлылық тұрғысынан Қаржы министрлігінің жүйелерін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар берді.

Сондай – ақ, депутаттар «Астана» халықаралық қаржы көшпелі отырыс өткізді, оның барысында орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, сондай-ақ оның жұмыс көрсеткіштерімен танысты

Қатысушыларға АХҚО халықаралық соты — ағылшын құқығының нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі, халықаралық төрелік орталық, АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA), АХҚО биржасы Astana International Exchange (AIX) таныстырылды.

АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров депутаттарға Орталық қызметінің 5 жылдағы нәтижелері туралы айтып берді. Оның айтуынша, АХҚО алаңы арқылы Қазақстан экономикасына 8,3 млрд АҚШ долларына инвестиция тартылды, ал орталыққа қатысушылар 6500-ден астам жұмыс орнын ашты. Сондай-ақ, депутаттарға юрисдикцияның артықшылықтары, қызметтер мен өнімдер, қаржыландырудың баламалы көздері, атап айтқанда финтех индустриясын дамыту және көміртегі бірліктерінің сауда жүйесі туралы ақпарат берілді.

АХҚО-ның негізгі міндеттері Қазақстан экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қор нарығын қоса алғанда, елдің қаржы саласын дамыту, сондай-ақ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасу болып табылады.