Бүгін аудандық аурухана ұжымымен, "Бизнес-Бастау" кредиттік серіктестігіндегі аграршылармен кездесулер болып, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде 2023 жылы салынған "Saryopan Operating" ЖШС 1-ші сұрыпты әк өндіру зауытының жұмыс барысымен таныстық.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер енгізумен бірқатар проблемалық мәселелер айтылды.
Халықтың тығыздығын, сондай-ақ елді мекендер арасындағы қашықтықты ескере отырып, медициналық ұйымдарды қаржыландыру мәселесі. Агрокредиттік Корпорациядан қаржыландырылатын кредиттік серіктестіктердің қызметі жөніндегі мәселелер.