Шаталов
Никита
Сергеевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қарағанды облысындағы жұмыс

Қарағанды облысының аудандары мен ауылдарындағы өмірді не жақсарта алады?

Мен жұмыс топтарымен кездесіп, сайлаушыларды қабылдаған кезде бірінші еститінім - газдандыру. Бұл туралы орталық жылытуы әлі жоқ ауылдардың тұрғындары жиі айтады. Адамдар жастар ауылға бармайды деп қатты қорқады. Қазірдің өзінде мұғалімдер мен дәрігерлердің тапшылығы бар. Егерде газ болғанда, ЖТҚ және 4-5 қабатты үйлерден тұратын жаңа кварталдардың құрылысы жүргізілетін еді.

Мәселелердің қатарында - жаңа әлеуметтік нысандар салу және денсаулық сақтау саласында тәртіп орнату. Новодолинскийге жаңа мектеп пен балабақша қажет. Шахтинск қаласында емханада стационармен біріктірілгеннен кейін коммуналдық қызметтер бойынша 1 млрд теңге қарызы бар (!). Қарызды төлеу үшін аурухана басшылығы дәрігерлерге сыйлықақы төлемейді. Үлкен тәжірибесі бар жоғары санатты дәрігер 320 мың теңге алады.

Үшіншісі-жолдар. Шахтинск-Шахан жолы бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Шахтинск-Қарағанды тас жолы соңғы рет 15 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Осы уақыт ішінде оны өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істейтін қоғамдық көліктер мен жүк көліктері бұзған. Топар су қоймасының сол жағалауына баратын жолда қызықты жағдай. Өйткені жол жоқ. Бірақ бұл туристік әлеуеті бар бірегей су айдыны, ол жыл бойы 300 мыңға дейін ішкі туристерді тарта алады. Құны-небәрі 400 млн теңге, ал Абай ауданы үшін әсері көп миллиардтық болады. Менің туған жерім Новодолинскийдің ішіндегі жолдар да жергілікті тұрғындардың басты тілектерінің бірі. Бірақ оларды жаңа су құбыры жоқ кезде салу - мағынасы жоқ. Оны 2 жылда салуға болады, бірақ 1,2 млрд теңге қажет.

Кез-келген мәселе ауылдарға жетіспейтін бюджеттік қаржыландыруға байланысты. Мұны облыс әкімдігімен жаңа бюджетті нақтылау және қалыптастыру бойынша талқылайтын боламыз.

Бұл суретте Бауыржан Әміржанұлы Смағұлов екеуміз Топар жылыжайы жұмысының жемісін көріп отырмыз. 2-3 жыл ішінде біз өз облысымыздағы жолдарды, су құбырларын және мектептерді де осылай көреміз деп үміттенемін.