Шаталов
Никита
Сергеевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
жұмыс тобының мүшесі

Заң жобасы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің кіріс базасын кеңейтуге, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктері мен функцияларын кеңейтуге бағытталған.

Заң жобасы шеңберінде:

аудандық маңызы бар қалалар, аудандар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде бюджеттік рәсімдер бойынша белгілі бір функциялар мен өкілеттіктерді Кеңеске, ауылдағы өзін-өзі басқару органына беру;

аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының кіріс базасын кеңейту;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестендіру.

Жоғары аудиторлық палатаның құзіретін кеңейту және тексеру комиссияларының құрамын құру және оларды қалыптастыру тәртібін қалыптастыру бөлігінде тексеру комиссияларын күшейту.