Шаталов
Никита
Сергеевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
жұмыс тобының мүшесі

Заң жобасы жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілеттіктерінің аражігін ажыратуға, оның ішінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функцияларды алып тастауға және қайта бөлуге бағытталған.

Заң жобасы шеңберінде:

құру тәртібін, жұмысын ұйымдастыруды анықтай отырып және өкілеттіктер бере отырып, ауылдық деңгейде өзін-өзі басқару органын - Кеңес құру;

республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалада жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру;

қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру, көрме-жәрмеңке қызметін ұйымдастыру, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру және т.б. мәселелерді шешу бөлігінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің және әкім аппаратының өкілеттіктері мен функцияларын кеңейту ұсынылады.