Заң жобасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін құқықтық реттеуді тұжырымдамалық толықтыратын ережелер бар.
Мәселен, уәкілетті мемлекеттік органдардың құзіреті мен міндеттері нақтыланды. Алғаш рет мемлекеттік органдардың тік және көлденең өзара іс-қимылын үйлестіру тетігін регламенттейтін нормалар енгізілді. Қолданыстағы жеке профилактика шаралары нақтыланды, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жалпы профилактикасы шараларымен толықтырылды.
Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы уәкілетті органның бірқатар құзыреттерін енгізу, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары қайта қаралды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларының тиісті жүйесін құру мақсатында алдын алу шараларын толықтыру және екі санатқа бөлу ұсынылады: жалпы алдын алу шаралары және жеке алдын алу шаралары.
Жалпы алдын алу шаралары ретінде адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ әлеуметтік, құқықтық, медициналық, білім беру және басқа да сипаттағы басқа да мәселелер бойынша консультациялар қарастырылған.