Заң жобасының мақсаты бағдарламалық құжаттарды және Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 мамырдағы электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау үшін жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларындағы проблемалық мәселелерді шешу болып табылады.
Заң жобасында Кәсіпкерлік кодексіне, Кеден кодексіне және "Электр энергетикасы туралы" және "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Заңдарға түзетулер көзделген.
Заң жобасы энергетика саласын, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамытуды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі шағын көлемді объектілерді дамытуды қолдауға бағытталған.