Шаталов
Никита
Сергеевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
жұмыс тобының мүшесі

Заң жобасы қылмыстық жауаптылықты белгілеуге, жаза тағайындауға және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларына, үкімнің орындалуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Заң жобасының мақсаты қазақстандық қоғамның конституциялық құндылықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды күшейту болып табылады, олардың ішіндегі ең жоғарғысы-адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм.

Жалпы, заң жобасын қабылдау қазақстандық қоғамның жоғары конституциялық құндылықтарын қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтардан қорғауды күшейтуге, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін тиімді іске асыруын қамтамасыз етуге, пенитенциарлық жүйеде адам құқықтарының сақталуын арттыруға мүмкіндік береді.