Шаталов
Никита
Сергеевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы заң жобасының таныстырылымы.

Заң жобасы экспорттық-кредиттік агенттіктің (бұдан әрі – ЭКА) арнайы құқықтық мәртебесін құруға бағытталған, ол отандық экспорттаушылардың мүддесі үшін отандық және шетелдік қаржы ұйымдарымен және ЭКА-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, ЭКА-ға шикізаттық емес экспортты қолдау мен дамытудың негізгі шараларын орталықтандыруға мүмкіндік береді.

Ресей, Венгрия, Канада, Австралия және Үндістандағы ЭКА қызметінің халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізілді, ол ЭКА экспорттық операцияларды сақтандыруды, қайта сақтандыруды, кепілдендіруді және қаржыландыруды жүзеге асыратынын көрсетті.

Осы функциялардың ішінен бүгінгі таңда сақтандыру және қайта сақтандыру KazakhExport-та бар. Экспорттық операцияларға кепілдік беру және қаржыландыру, сондай-ақ экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсетудің жекелеген шараларын көрсету функцияларын KazakhExport-қа беру әлі мүмкін емес. Бұл KazakhExport-тың сақтандыру ұйымы ретінде сақтандыру және қайта сақтандыруға байланысты емес қызметінің өзге түрлерімен айналысуға құқығы жоқ екендігіне байланысты («Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының 11-бабының 3-тармағы).

Заң жобасы KazakhExport-ты «Сақтандыру қызметі туралы» Заңның және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі атынан қаржы реттеушісінің оған ЭКА функцияларын беру арқылы реттеуінен шығуға мүмкіндік береді, бұл екінші жағынан оны құруға мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарды талап етпейді.