Бүгінгі таңда тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны жыл сайын орта есеппен 40 мыңға артып келеді және бүгінде 640 мыңнан астам адамды құрайды, оның ішінде:
165,7 мың кезекте тұрғандардың отбасы мүшесіне шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар. Бұл негізінен көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары.
474,3 мың кезекте тұрғандардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары. Бұл мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, толық емес отбасылар және басқа кезекте тұрғандар.
Анықтама:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 58;
- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 62 671;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасыларға – 102 348;
- халықтың әлеуметтік осал топтары – 254 670;
- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдарға – 217 259;
- жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары – 3 289.