Заңды қабылдау Қазақстан Республикасында масс-медиа қызметі үшін құқықтық негіздер жасайды, масс-медиа саласындағы реттеудің нормативтік негізін тұжырымдамалық тұрғыда жаңартуға мүмкіндік береді және масс-медиа саласындағы мәселелерді реттейтін халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.
Заң жобасы қабылданғаннан кейін ол салалық заңның мемлекеттің өзекті мүдделеріне, қоғамның сұраныстарына және медиасаланы дамытудың қазіргі заманғы үрдістеріне сай келуін қамтамасыз етеді.
Ұсынылған заң жобасын қабылдау нәтижесінде мынадай оң әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдар күтіледі:
журналистер мәртебесінің артуы;
мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерінің реформалануы және тіркеу қағидаттарының қайта қаралуы;
мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың жетілдірілуі;
өзін-өзі реттеу институттарының дамуы;
телерадио хабарларын тарату саласындағы трендтердің өзгеруі.