Шаталов
Никита
Сергеевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
жұмыс тобының мүшесі

Заң жобасы "Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 9 маусымдағы №597 Жарлығы негізінде әзірленді.

Заң жобасы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жаңа редакциядағы заң жобасына сәйкес келтіруге, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді құру мен олардың қызметін реттейтін қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасын қабылдау азаматтық қоғамды дамыту, жаңа қоғамдық бірлестіктер құру, заңдық дәлсіздікті жою және Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар шеңберінде азаматтардың бірігу бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.