Заң жобаларында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органдарды, олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу, анықтамаларды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру, жаңа ұғымдарды енгізу, Заңның ережелері қолданылатын адамдар тобын, адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерін және олардың құзыретін айқындау, адам саудасының тәуекелдерін бағалауды енгізу мақсатында адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін айқындау көзделеді.