Шаталов
Никита
Сергеевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
жұмыс тобының жетекшісі

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім 2022 жылғы 26 мамырда Бішкек қаласында жасалды.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының мақсаты Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару үшін мемлекеттердің іздестіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастық болып табылады.

Заң жобасының міндеті Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенцияның «Іздестіру және құтқару» деген 12-қосымшасын іске асыру болып табылады, оның 3.1.5-тармағына сәйкес іздестіру және құтқару саласындағы іс-қимылдарды үйлестіру үшін іргелес екі мемлекет арасында келісім жасасу көзделген. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенцияны ратификациялады, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының қатысушылары болып табылады және осы Конвенцияда көзделген міндеттемелерді орындауға міндеттенеді.