Астана, 3 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына Алтай Сейдірұлы Көлгіновтың кандидатурасы келісілді. Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.