Астана, 4 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Тамара Босымбекқызы Дүйсенованың кандидатурасы келісілді. Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.