Сүлейменова
Жұлдыз
Досбергенқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына Нұрбек Саясаттың кандидатурасы келісілді.

Астана, 4 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына Нұрбек Саясаттың кандидатурасы келісілді. Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.