27.01.24ж https://www.facebook.com/share/v/YJ1mypR8XgS2riQF/? https://www.instagram.com/reel/C2pPcQhCOoj/? Бүгін Мемлекет Басшысы жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшелерінің 4 секция аясында жұмыс жиналысы өтті. Шара басталмас бұрын Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары-Мемлекеттік кеңесші Karin Erlan консультативтік-кеңесші органның қызметі аясында жүзеге асқан бастамаларға қысқаша тоқталды. Атап айтқанда, Мемлекеттік кеңесші Президенттің Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында жаңа аудандарды қалпына келтіру, өңірлік рәміздерді реттеу, «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру және «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне «Ұлттық» мәртебесін беру жөніндегі бастамаларының жүзеге асырылғанын ерекше атап өтті. Шара аясында «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым», сондай-ақ «Әлеуметтік-экономикалық даму» секцияларының жұмыс отырысы өтті. "Әлеуметтік-экономикалық даму" секция жұмысына қатысып, Премьер-министрдің орынбасары Дүйсенова Тамара Қасымқызына қарапайым еңбек адамдарының жалақысын арттыруға байланысты мәселені талқыға салдым. Қарапайым еңбек адамы лайықты жалақы алуы тиіс. Бүгінгі таңда, мемлекеттік, азаматтық және квазимемлекеттік сектор субъектілері жұмысшыларының еңбекақысындағы дисбалансты реттеу қажет. Вице-Премьер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірге азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыруға байланысты зерттеумен наурызда таныстыратынын айтты. Ұсыныстарымызды алдағы наурызда өтетін Ұлттық Құрылтайға дейін қарастырамыз. #ұлттыққұрылтай #ulttyqquryltai |