Алғашқы барған әлеуметтік объект Ақтөбе қаласындағы №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы болды. Былайша айтқанда, Қарттар үйі. Бүгінде орталықта 205 адам тұрады. Оның 82-і — мүгедектер, ал 123-і — қариялар. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген ғимаратта тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда 700-дің үстінде кітап қоры бар кітапхана, емдік дене шынықтыру бөлмесі жұмыс жасап тұр. Ақсақалдар бос уақытында бильярд ойнап, аспаптар тартады. Қариялардың хал-жағдайымен танысқаннан кейін, орталық қызметкерлерімен арнайы кездесу өткіздім. Кездесуде орталық директоры Асылбек Мұханбетқали әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы жылма-жыл өскенімен әлі де мардымсыз екенін алға тартты. Тұрғын үй мәселесі әлі де өзекті. Сондай-ақ орталықта жұмыс жасайтын кіші қызметкерлерге еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейтіні айтылды. Айтылған ұсыныстарды Үкіметпен бірге шешетін боламыз. #DeputatAMANAT |