Сүлейменова
Жұлдыз
Досбергенқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ақтөбе қаласының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына бардым.

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid037oKPLq4xVTCHE9MMVEZnHrKXrohnk8tQkL4C4LPUYSSPavgUfegpGjki79Uqg74Gl&id=100001071131503&mibextid=Nif5oz

Ақтөбе қаласының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына бардым.

Орталық зорлық-зомбылық көрген, зардап шеккен әйелдер мен аналарға қызмет көрсетеді. Мұнда олар 6 айға дейін тұра алады. Осы мерзім ішінде көмекке жүгінген әйелдер жұмысқа жолданып, балалары мектепке және «Үміт» балалар үйіндегі балабақшаның күндізгі бөліміне орналастырылады. Сөйтіп олардың аяққа тұруына көмек көрсетіледі.

Қазіргі таңда орталықта 19 әйел балаларымен тұрып жатыр. Биыл 194 адамға көмек көрсетілді. Оның 60-ы әйел, 134-і бала. Мұнда 2 тәрбиеші, медбикелер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі қызметкерлер және ересектерге, балаларға арналған психологтар, мәдени ұйымдастырушылар жұмыс істейді.

Сұрақтары:
✅Дағдарыс орталығындағы балабақша жасындағы балаларға тегін балабақшадан орын мәселесін шешу.

✅Дағдары орталығындағы әйелдердің кәсіби біліктілігін арттыру бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы жұмысқа тұруына мүмкіндік қарастыру.