Өткен аптада Ақтөбе облысына халықпен кездесу аясында әлеуметтік инфрақұрылымдарды аралап, халқы тығыз орналасқан аудандарда мектеп, аурухана салу мүмкіндігін азаматтармен талқыладық. Ол туралы Депутаттық сауал әзірлеп жатырмын. Ақтөбе облысының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлымен Ақтөбе облысынан сайланған депутаттар кездесіп, облыстың дамуы туралы пікір алмастық. Құрылысы тоқтап тұрған инфрақұрылымдардың, оның ішінде Шилісай, Алтынды, Жем, Қандыағаш мектептерінің құрылысын аяқтау туралы сұрақтың шешімін талқыладық. Асхат Шаһаровтың халқымыздың намысын қорғаған батыр мінезі өңірімізді шарықтап дамытуға серпін береді деп сенемін. Барша бастамаларына тілектестік білдіремін. |