Қоғамдық қабылдау
AMANAT партиясының Ақтөбе облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдап, олардың арыз-шағымдары мен ұсыныс-тілектерін тыңдадым.
Қабылдауға келген азаматтар сан түрлі мәселелерді алға тартты. Атап айтқанда, ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне шешім шығару, «Алтын алқа» алу жолдары, жұмыс орнын қалпына келтіру, жер учаскесіне электр энергиясын тарту секілді сұрақтар көтерілді.
Мәселен, 7 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы екі пайыз жеңілдікпен үй алғысы келеді. Үй кезегін күткеніне көп болған. Отбасы банкке хабарласып, барлық тұрғын үй қатынастары туралы түсіндірілді.
Қоғамдық қабылдауға екі адам жер мәселесі бойынша келді. Олардың бірі конкурс арқылы алған жер телімін заңдастыруды сұрайды. Сондай-ақ ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне электр энергиясын тартуға қол жеткізе алмай жүр.
Айта кетейік, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 3000-ға жуық адам жүгінді. Сонымен қоса, шалғай елді мекендерде 20 рет мобильді қабылдау өткізіліп, оған екі жүзден астам адам келді.
Қоғамдық қабылдауда көтерілген сұрақтардың заңнама аясында орындалуы бақылауымда болады.
#DeputatAMANAT