Сүлейменова
Жұлдыз
Досбергенқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«АНВАР» гипермаркетінде болып, сауда желісі қызметкерлерімен кездестім.

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02ESW7xrvEHSBFZi3GE5xUx9UdRMPi5dLwzaeSnyiZ31ANEM9EDsLEdDud2Um8a8WQl&id=100001071131503&mibextid=Nif5oz -- https://www.instagram.com/p/C2EQSjTCPiR/?igsh=c3Bud3V1M2JxMjVj


«АНВАР» гипермаркетінде болып, сауда желісі қызметкерлерімен кездестім.
«АНВАР» - Батыс Қазақстандағы ірі көтерме-бөлшек сауда желісі. Өз тарихын 1993 жылы бастаған. Қазір Ақтөбе, Астана, Атырау, Ақтау, Орал, Қызылорда қалаларында филиалдары жұмыс істеп тұр. Негізінен азық-түлік өнімдерін, шаруашылық тауарларын, сондай-ақ өз өнімдерін сатады. Батыс -2 шағын ауданындағы гипермаркет қазан айында ашылған. Мұнда 140 адам еңбек етеді. Ал елімізде «АНВАР» сауда желісі бойынша 2960 адам жұмыс жасайды екен.

Анвар гипермаркетін аралап көрдім. Әлеуметтік маңызы азық-түліктің бағасын қарап, халыққа қолжетімділігіне көңіл бөлдім. Содан соң ұжыммен кездесіп, Мәжіліс қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстарды, қабылданған заңдарды егжей-тегжейлі түсіндірдім.

Анвар гипермаркет қызметкерлерін әсіресе педофилия, репититорлық қызмет, білім беру мәселелері, облыстағы көшелердің жағдайы мен қоғамдық көлік мәселесі мазалайды. Мәселен қызметкердің бірі баласының қосымша қаржыға репититорлық қызметті пайдалануға мәжбүр екенін айтып, наразылығын білдірді. Сұрақтардың шешіміне атсалысатын боламын.

Кездесу барысында АНВАР гипермаркетінің директорына балаларды кітап оқуға баулитын орын жабдықтау тәжірибесін енгізуді ұсындым. АНВАР гипермаркетінің басшылығы жобаны қолдады, әзірлеп, енгізетін болады.

#DeputatAMANAT