Сүлейменова
Жұлдыз
Досбергенқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
09.09.21ж . ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, БӘЙДІБЕКТЕ.

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4516065295105797&id=100001071131503

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ БӘЙДІБЕКТЕ

09.09.2021ж күні «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейіегі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының білім саласына қатысты тармақтарының Түркістан облысында орындалуын зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, Республикалық Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрайымы Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы, «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы филиалының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Калыйма Жантореева, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Мәдіханқызы іссапармен келді.
Іссапар аясы Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылы округіне қарасты, Ағыбет ауылындағы жобалық қуаты 481 орындық «Есіркеп батыр» ЖОМ-нің ғимаратын көрді. Мектеп ғимаратының 1990 жылы салынған, қабырғалары бетоннан соғылған. Қәзргі таңдағы жағдайы бетоннан болғандықтан қабырғаларды жылыту мүмкін емес, шатырлардан су ағады, тозығы жеткен.
Осы мәселе бойынша Ағыбет ауылы тұрғыны Бақытжан Сүннәтұлы Жұмаділә өтінішпенде сұрап жүгінген.
Аудан әкімі орынбасары Бағдат Жанғазиев,«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы консультанты Арайлым Оразымбетова, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Бақыт Кенжебаев, Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы Құлымбет Ақбала Аманбайқызы, Ағыбет ауылы округі әкімі Жасұлан Оразханұлы және бөлім басшылары іссапармен келген қонақтармен бірге болды. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы Ақбала Аманбайқызы қәзіргі кезде мектептің аталған мәселерін шешу үшін жобалық сметалық құжатары әзірленіп (ЖСҚ құны 102 295 мың тг) мемлекеттік сараптамадан өткен. ЖСҚ-ы 2019 жылы жасалғандықтан ағымдағы жылдан кешіккен жағдайда құжаттары жарамсыз болатындығын айтты.
Іссапар барысында ғимараттың барлық жағдайын көріп,танысып қайтты. Арнайы келгендіктен алдағы уақытта жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.