Сүлейменова
Жұлдыз
Досбергенқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4571673726222423&id=100001395237977

Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Отырыста Мұнайлы ауданындағы партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасының, білім сапасын арттыру бағытындағы          2 индикатордың орындалмау қаупі талқыланды.

Басқұдық ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысының жүзеге аспауы;
• Үш ауысымды мектептер санының өзгермеуі.

Өздеріңіз белгілі, бұдан бұрын да Білім мен ғылымды дамыту қоғамдық кеңесінің төрағасы ретінде Мұнайлы ауданының 16 мектебін аралаған болатынмын. Осы жұмыстарды қорытындылау мақсатында ауданның мектеп директорлары да көшпелі кеңес отырысына өз ұсыныстарын айтуға шақырылған болатын. Нәтижесінде келесі ұсыныстар тыңдалып, назарға алынды:
• Инфрақұрылымы бірдей екі мектептің басқару жүйесіне сай сапа көрсеткіштері мен жетістіктерінде айтарлықтай айырмашылықтың болуы;
• Өңірдегі білім сапасына мониторинг жасау;
• Мектеп директорларының бір мектепте бес жылдан артық жұмыс жасауы жөнінде және ротация механизімін қарастыру;
• Мектеп басшыларын менеджерлік қайта даярлау мәселесін қарастыру.

Алдағы уақытта да кеңес отырыстарында көтерілген нақты мәселелер мен айтылған ұсыныстар, жұмыс жоспарының орындалу барысынан хабардар етіп отыратын боламын.