http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0EZP7N2TAbgRhkmhCCuUMyTAfukffktaPjf2EMfdoAUEyxj3qo32LxtKRutiemSWSl&id=100001071131503&mibextid=Nif5oz Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жалпы отырысында 1-ші оқылымда мақұлданған, «Қоғамдық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының негізгі ерекшеліктеріне тоқталуға рұқсат етіңіздер.
«Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасының мақсаты: біз қадам басқан Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі – азаматтардың мемлекет істеріне қатысуын қамтамасыз ету.
Заң жобасында қоғамдық бақылау ұғымы айқындалады.
Қоғамдық бақылауға түсетін объектілерге:
1) жергілікті мемлекеттік және орталық органдар;
2) квазимемлекеттік сектор субъектілері;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар жатады.
Қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын субъектілер – ел азаматтары, Қазақстанда тіркелген коммерциялық емес ұйымдары.
Қоғамдық бақылаудың басты қағидаты – заңдылық, жариялылық, ашықтық пен айқындық, қоғамдық бақылау субъектілерінің өз еркімен қатысуы мен тәуелсіздігі.
Қоғамдық бақылаудың негізгі формалары ретінде қоғамдық мониторинг, қоғамдық сараптама, қоғамдық тыңдау ұсынылады. Сонымен қатар Республика заңнамасында айқындалған басқа да формалар жүзеге асырылуы мүмкін.
Заң жобасы мемлекет пен азаматтық қоғамның ашық қоғамды дамытудағы өзара іс-қимылының қағидаттарын реттейді. Билік пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға мүмкіндік береді.