http://https://fb.watch/hxaycOzMNw/
Онлайн петиция туралы сұраққа Министр Бағдат Мусин жауап берді.
Петиция порталын қанша ауыл пайдалана алмайды?!
Бүгін Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елдегі байланыс мәселесіне қатысты баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова интернеті жоқ ауылдарда онлайн-петиция қалай жүзеге асырылатынын сұрады.
«Жұмыс топтарында депутаттар талқылау барысында интернеті мүлдем жоқ ауылдарда, шалғай елді мекендерде онлайн петицияларды жүзеге асыру мүмкін болмайтындығына байланысты қағаз петицияларды қарастыру қажет деген ұсыныстарды талқылауда. Осыған байланысты 2 сұрағым бар. Бүгінде петиция порталын қанша ауыл пайдалана алмайды?! Олар онлайн петицияларды қандай механизмдер арқылы жолдайды?! Шалғайдағы елді мекендерді Интернетпен қамтамасыз етудің жоспарланған нақты мерзімі қандай?!» –– деді Мәжіліс депутаты.