Мәжіліс депутаттары Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Орталық Азиядағы өкілі Ханс Фридрих Шоддермен кездесті. Кездесуде босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарды қорғау, азаматтығы жоқ тұлғаларды қолдау және азайту мәселелері талқыланды.
– Қазақстан БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының аймақтағы белсенді серіктесі болып қалуды және көші-қонның барлық саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуді жалғастыруға ниетті. Алдағы уақытта босқындар мәселесін реттеу өңіріміз үшін басым бағыттардың бірі болып қала береді, – деді С.Имашева.
Өз кезегінде Ханс Фридрих Шоддер көп жылғы жемісті ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанда азаматтығы жоқ адамдарды қорғау саласындағы жұмыстың ілгерілегенін айтты.
– Босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты жуырда жүргізілген талдау шағын нюанстарды қоспағанда Қазақстанның осы мәселелер бойынша барлық ережені мүлтіксіз орындайтынын көрсетті. Әділет министрлігі бізге тиісті заңнаманы жетілдіру бойынша түзетулер әзірленіп жатқанын, жақын арада сіздердің назарларыңызға ұсынылатынын айтты. Бұл орайда біздің қолдауымызға сенулерңізге болады, - деді Ханс Фридрих Шоддер.
Толығырақ parlam.kz сайтында.