21.04.2023 жылы сегізінші сайланған Мәжілістің өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес біз «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа төзімсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы» тақырыбында Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді.
Отырысқа Мәжіліс депутаттары - Комитет мүшелері, Ішкі істер министрінің орынбасары, Оқу-ағарту, Ақпарат және қоғамдық даму, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас прокуратура мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының өкілдері, министрліктердің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, отбасылық және балалар психологтары мен БАҚ өкілдері қатысты.