Ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық-дене бұзылыстары скринингiн, диагностиканы, емдеудi, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейiнгi) балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ерте араласудың тиімді жүйесін құруға қатысты көптеген негізгі мәселелерді талқылады.
Біз отбасылар үшін қызметтердің қолжетімділігін қалай жақсартуға болатынын және сапалы медициналық-педагогикалық қолдауды қалай қамтамасыз ету керектігін талқыладық.
Әрбір мәселе мұқият қарастырылды, себебі бұл тақырып қоғам үшін өте маңызды.
Біз Парламент депутаттары ретінде осындай бастамаларды қолдауға дайынбыз.
Әрбір бала өз әлеуетін ашу үшін өмірінің бастапқы кезеңінде сенімді, сапалы қолдауға лайық деп есептейміз.