Танашева
Гаухар
Шаймерденқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Орфандық аурулардың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел

Бұл шара пациенттік бірлестіктер мен науқастар тарапынан көптеген өтініштердің келіп түсуіне байланысты «Қазақстан Халық партиясы» депутаттық фракциясымен ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге орталық мемлекеттік органдар,«Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, «СК-Фармация» ЖШС, С.Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту Ұлттық ғылыми орталығы, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы, пациенттік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, өндірушілердің өкілдері және ата-аналар қатысты.

Сонымен қатар, «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобының мүшелері Т.Ғ.Серіков, Г.А.Нұрымова, Д.Р.Наумова, И.В.Смирнова қатысып, сөз сөйледі.

Басқосу барысында орфандық ауруларға (сирек кездесетін) шалдыққан пациенттерді дәрілік терапиямен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерді талқыладық.

Негізгі мәселе - балалар мен ересектерде кездесетін бірқатар орфандық ауруларды «Қазақстан Халқына» ҚҚ қаражаты есебінен қаржыландыруға аудару және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі санатынан сатып алуды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бөліміне ауыстыру болды. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілген нозологиялар мен препараттарды «Қазақстан Халқына» ҚҚ деңгейіне ауыстыру - ағымдағы пациенттерде терапияның бұзылуына әкеліп соғады, қоғамдық қормен препараттарды сатып алу және қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдердің күрделілігіне байланысты жаңа пациенттер үшін терапия алуда кедергілер туындайды, соңында азаматтарымыз зардап шегіп қалмайды ма деген алаңдаушылық туғызады.

Дөңгелек үстелде қозғалған мәселелер мен ұсыныстарды «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары және «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобының мүшелері тиісті жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастыратын болады.