Танашева
Гаухар
Шаймерденқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жетісу облысында кездесулер

Image title

Image title

Image title

Image title

✅ Бүгін Жетісу облысының әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы және оның орынбасары Әли Тұрсынмен кездесу өтті. Әңгімелесу барысында облыстың өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқыладық.


✅ Облыстық мәслихаттың төрайымы Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызымен де кездестік. Ол мәслихаттың аналарға қолдау көрсетіп, оларға қатысты әлеуметтік мәселелерді шешуге дайын екенін жеткізді.


✅ ҚХП филиалының белсенділерімен болған жиында әлі күнге дейін қағаз жүзінде ғана қалып отырған жайылымдық жерлерді ауыл тұрғындарына қайтару мәселесін көтердік. Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жақсылық Қахарман Еркінайұлына және төраға орынбасары Ибраимов Олжасқа алғысымызды білдіреміз. Мен бізде жас және еңбекқор команданың бар екенін сеніммен айта аламын.


✅ Сонымен қатар «Облыстық мамандандырылған балалар үйінде» болдық.

Басшысы Бейсенбаева Гүлнәр Албанбекқызы және осы үйдің қызметкерлері тамаша кәсіби мамандар. Қазір 61 бала олардың қамқорлығында.


Бірақ шешілмеген күрделі мәселелер көп: білім беру қызметкерлерінің арасында мұғалім мәртебесінің жоқтығы және жалақының жеткіліксіздігі, бұл оларды мектепке ауысып кетуге мәжбүр етеді. Және де күрделі жөндеу жұмыстары қажет.


✅ Ең маңызды жұмысымыздың ажырамас бөлігі-Жетісу өңірінің аналарымен кездестік. Аналардың өтініштерін жинап, әлі күнгі дейін шешілмей келе жатқан мәселелерді талқыладық. Олар бізді қолдап, бізге сенетінін айтты. Бұл біз үшін өте маңызды және біз мұны бағалаймыз.


Келесі қадамдарымыздан хабардар болу үшін бізге тіркеліңіздер!