Бүгін Алматы қаласы Түрксіб ауданы, Бақытты отбасы орталығының аналарымен кездесу өткіздік.
Осы орталықтың жетекшісі Ырсымбетова Аягөз Нұрғазиқызын құттықтауға асыға келдік.
Біздің таныстығымыз 2019 жылы Аягөздің тәуелсіз карьера құру арманына жетуіне қолдау көрсетіп, «JanAnaAlmaty» қайырымдылық қорын ашуға бағыт беріп, көмектескен кезден басталды.
Аягөз – бұрын көп уақытын үйде өткізетін ана болған. Бірақ ол өзіне сеніп, өзі үшін тәуелсіз мансап құруды шешті.
Оның жетістігі мен адалдығы бізді және көптеген аналарды шабыттандырады. Біз оның табысқа жету жолының бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз.
ҚХП-ның мүшелерімен бірге Алматыда аналармен кездесу өткіздік. Әр қаланың өзіндік ерекшеліктері мен қайталанбас тарихы бар.
Осы ауданның аналарының әртүрлі қиындықтары туралы білдік және оны шешу жолданын талқыладық.
Жаңа кездесулер мен аналардың өз мақсаттарына жетуіне көмектесетін мүмкіндіктерді асыға күтеміз.
Біз бірігіп қоғам мен отбасымыз үшін жақсы болашақ жасай аламыз.