Танашева
Гаухар
Шаймерденқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қаскелең қаласының аналарымен кездесу

Бүгін Қаскелең қаласының аналарымен кездесу өтті.

Басты тақырып аналар мен олардың балаларына азаматтық алу мәселесі болды.

Аналарымыз азаматтықты рәсімдеу үшін он жылдан астам күресіп, әлі күнге дейін көксеген құжатын ала алмай жүр.

Бұл процесс нағыз кедергілер жарысы сияқты. Бір мәселеден өтсең, алдыда екінші мәселе күтіп тұрады. Онысымен қоймай көпбалалы жалғызбасты аналардың қалтасы көтере бермейтін көптеген қаражатты да қажет етеді.

Сонымен қатар, мүгедектікті алу туралы да мәселелерді талқыладық. Нақты, айқын себептерге қарамастан аналарға мүгедектікті рәсімдеу өте қиын. Бұл мәселе де өзіндік кедергілерге тола.

Жиынға Алматы облысы ҚХП-ның төрағасы Жүндібаев Төлеужан Дүйсентайұлы мен оның орынбасары Мамытхан Мұқан қатысты.

Біздің облыстық филиал осы маңызды мәселелерді шешу жолында жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге дайын. 

Қаскелең қаласындағы жиынға қатысқан барша аналарға рақмет. 

Біз біріге жұмыс істеп, үлкен өзгерістерге қол жеткіземіз!