Алғашқы кездесу Бесқайнар ауылының әкімі Арман Асылбекұлы Жабаевпен болды.
Біз әртүрлі сұрақтарды, соның ішінде қаламен байланысқа қатысты мәселелерді талқыладық. Шағын ауылдың тұрғындарын алаңдататын мәселе тұрақты автобус қатынасының жоқтығы.
Одан кейін №20 М. Мәметова атындағы орта мектепке бардық. Кездесуге келіп, қолдау көрсеткен, сайлау кезінде де бізбен бірге болған мектеп директоры Есенсарин Динара Нұрланқызына үлкен алғысымды білдіремін.
Бұл кездесуде «Жалпыға бірдей білім беру» сияқты білім беру бағдарламалары көпбалалы отбасынан шыққан бір балаға ғана қолжетімді екенін байқадық.
Одан әрі аналармен кездесіп, көбісі өздерінің АӘК алу құқықтарын білмейтінін байқадық. Осы мүмкіндікті пайдалана алуы үшін оларға қажетті құжаттарды жинауға көмектестік.
Оның үстіне тағы да бір мәселе тұрғын үй кезектері де алға жылжымай тұр екен.
Әрі қарай «АЯЛА» ТАЛҒАР АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА» болдық.
Бұл орталық бізге ең жылы әсер қалдырды. Олар ерекше қажеттіліктері бар балаларға қамқорлық пен қолдау көрсетеді.
Директоры Бақыт Тимур Бақытұлы және оның командасы қызметкерлерге барлық жағдайды жасап, тиісті кері байланысты талап етеді. Олар орталықты өз үйіндей көреді, көптеген жөндеу жұмыстарын да өздері жүргізген.
Біз кейбір мәселелерді, соның ішінде инватаксидің жоқтығын анықтадық. Сонымен қатар, егде жастағы жұмысшыларға онда жұмыс жасау өте қиын екен.
Ерекше балалармен жұмыс істеу ерекше жауапкершілікті талап ететініне қарамастан, әлеуметтік қызметкерлер тәрбиешілерге қарағанда 56 күн емес, 30 күн ғана демалыс алады.
Бүгінгі күніміз Талғар ауданы Жанұя отбасын қолдау орталығының ұжымымен және осы өңірден келген аналармен кездесумен аяқталды.
Біз аналардың ұсыныстарын және өзекті мәселелерін естідік: үйлерде су құбырлары жоқ, жұмысқа орналасу қиын және өз ісін ашу үшін грант ала алмай жүр.
Кездесу үшін барлығыңызға үлкен алғыс білдіреміз және осы мәселелерді шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуге уәде береміз.