Бірінші кездесу Қонаев қаласы әкімінің орынбасары М. Х. Жолдахметпен және ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Б. Қ. Шайкеновамен өтті.
Біз көпбалалы отбасыларға, толық емес және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға баспана және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін алуда қолдау көрсету мәселелерін талқыладық.
Екінші кездесу Қонаев қаласындағы «№4 Қ. Қайсенов атындағы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өтті.
Қаланың білім бөлімінің директорымен және қызметкерлерімен кездесу нәтижелі өтті.
Мектеп 1982 жылы салынып, жобалық қуаты 1176 оқушыға есептелген.
Қазіргі уақытта 2023 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталауы керек күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Білім бөлімінің басшысы жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр, мердігер барлық жұмысты мерзімінде аяқтайды деп сендіреді.
Үшінші кездесуімізді Қонаев қаласының аналарымен, партиямыздың филиалының белсенділерімен өткіздік.