✅ Мұндағы екінші күнім қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлы Орынбековпен кездесуден басталды.
Біз түрлі проблемаларды талқыладық, олардың бірі – халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) үшін баспананың жоқтығы. Ағымдағы жылы небәрі 40 жалдамалы пәтер берілді, бұл әрине жеткіліксіз.
✅ Кездесулерде қала әкімінің орынбасары Дәулетов Дәуір Рысбайұлы бізбен бірге болды. Ең алдымен «Анаға тағзым» КММ-де Тараз қаласының аналарымен кездестік.
Бұл өңірдегі күрделі мәселе ол - тұрғын үй. Кезекте тұрған адамдар саны өте көп.
Сондай-ақ МӘМС жүйесі нашар жұмыс істейді. Медицина тіпті жұмыс істейтін адамдардың өзіне де қолжетімсіз. Дәрігердің қабылдауынан, рентген және ультрадыбыстық сканерлеуден өту үшін тұрғындар бірнеше ай күтуі тиіс.
✅ Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы негізінде облыстық кәсіподақ өкілдерімен кездесудің де сәті түсті.
Олар бізге бірнеше ұсыныс жасады, соның ішінде еңбекке жарамсыздық парағын 100% төлеу және инфляция деңгейіне сәйкес жалақыны индексациялау.
Қазіргі уақытта алаңдататыны еңбек инспекциясы еңбек қатынастарын қорғаумен емес, тек еңбекті қорғаумен айналысатыны. Көптеген жұмысшылар қорғансыз қалуда.
Кәсіподақ өкілдері тарапынан айтылған барлық ұсыныстарды жинақтап, Мәжілістің қарауына енгіземіз.
✅ Мүгедектерді оңалту орталығында да болып, осы саладағы мәселелер мен ұсыныстар туралы қосымша ақпарат алдық.
✅ Күнімізді қалалық және аудандық мәслихат депутаттарымен және ҚХП өңірлік өкілдігінің Жамбыл бөлімінің активімен кездесумен аяқтадық. Аудандық депутаттар өз ұсыныстарын ортаға салып, бөлісті.
Жамбыл облысының барлық жиындарын ұйымдастырғаны үшін мәслихат депутаты және ҚХП облыстық филиалының төрайымы Бастаубаева Жанат Әбдуәліқызына және филиалдың барлық активіне және Аналарды әрқашан қорғауға, әрі қолдауға дайын белсенді Естаева Жанат Кемеловнаға ерекше алғыс білдіреміз!