Түркістан қаласының әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлымен кездесу өтті.
Осы өңірдегі 2008 жылы ашылған «ТҮРКІСТАН АУМАҚТЫҚ БАЛАЛАР АРНАЙЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА» да бардық.
Бұл орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға қамқорлық жасайды, жартылай стационарлық және стационарлық деңгейдегі 60 балаға сапалы емдеу және қолдау көрсетеді. Мұнда жеке және топтық сабақтар да өткізіледі.
2022 жылы қызметкерлер орталықты жетілдіру жобасын дайындаған болатын, ол міне екінші рет қарауға тапсырылып жатыр.
Бұл жобаның маңызды аспектілерінің бірі - заманауи ойын алаңын құру және бау-бақша учаскесін жайлы аллеяға айналдыру. Бұл, орталықтағы балаларға жағдай мен ортаны жақсартып, балалық шақтың қуанышты сәттерін сыйлайды.
Біз орталық пен оның қызметкерлеріне қолдау көрсеткіміз келеді, өйткені олар қиын уақытта балаларға көмектесіп, өте маңызды іспен айналысады.
Қызметкерлердің кейбірі көпбалалы аналар мен жалғыз бала тәрбиелеп отырған аналар. Дегенмен, олардың аз зейнетақысы мен жеткіліксіз медициналық сақтандыруы оларға қажетті көмек пен қолдауды алуға мүмкіндік бермейтінін айта кеткен жөн.
Мысалы, көпбалалы ананың бірі 53 жасында зейнетке шыққан және небәрі 23 мың теңге зейнетақы алады. Ал медициналық сақтандыруға онкологиялық скрининг кірмейді.
Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы аналармен кездесу өтіп, олардың өтініштері жинақталды. Бұл шараға Түркістан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері қатысты.
«ҚАМҚОРЛЫҚ» отбасы орталығының директоры Әшірханова Жібек Маштайқызы мен Әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан Даханова Гүлжамал Келдембайқызы қатысты. Біз бұл орталықтарға да бардық.
Аналардың, әсіресе мүикіндігі шектеулі балалары бар және 18 жасқа толғаннан кейін жеңілдіктерінен айырылған аналардың пікірі мен тәжірибесін есту біз үшін өте маңызды болды.
Балалардың әлеуметтік орталықтары және көпбалалы аналарды қолдау сияқты салаларға бірлескен күш-жігер мен назар аудару арқылы біз балалар мен аналардың жақсы болашағын жасай аламыз деп сенеміз!