Танашева
Гаухар
Шаймерденқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды дамыту мәселелері бойынша Астанадағы бірнеше медициналық мекемелерді араладық

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды дамыту мәселелері бойынша Астанадағы бірнеше медициналық мекемелерді араладық:

✔️ №9 қалалық емханасын

✔️ №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасын

✔️ №1 қалалық ауруханасын

✔️ Астана қаласының көпсалалы медициналық орталығын

Біздің сапарымыз елордалық мекемелерде ғана емес, бүкіл республика бойынша емделушілерде, медицина қызметкерлерінде кездесетін қиындықтарды айқындады.

Ең өзекті мәселелер:

✅ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тарапынан қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі (травмпункт, шағын кәсіпкерлік субъектілер, онкогематология);

✅ Нақты шығындарды өтеу жоқ;

✅ Төтенше жағдайлар бөліміне жатқызылған амбулаториялық науқастарды қаржыландырудың толық еместігі;

✅ Жабдықтардың, операциялық бөлмелердің, арнайы қораптардың тапшылығы;

✅ Ауруханалар шамадан тыс жүктелген. Тек ғимараттарды ғана емес, сонымен қатар байланыс жүйелерін де жөндеу қажет.

Біздің сапарымыз медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын да көрсетті.

Олардың еңбегі құрметтелуі, бағалануы және қауіпсіз болуы керек.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі күрделі реформаны қажет етеді деген қорытындыға келдік. 

Біздің мақсатымыз - тұрғылықты жеріне және қаржылық жағдайына қарамастан барлық азаматтарға лайықты медициналық көмек көрсету.

Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту және дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шешімдерін табу керек. 

Ұсыныстардың бірі - Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша бірыңғай қаражат пулын құру.

Бұл ретте қаржы ағындарын Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы бақылау керек. 

Алда Үкімет сағаты.

Біздің дауысымыз естілелі деп үміттенеміз.