Жақында Астана қаласындағы «Локомотив құрастыру зауытында» Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттарына көшпелі отырыс ұйымдастырылған болатын. 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасын және еңбек қауіпсіздігі мен оны жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістерді талқылау бойынша зауыт базасында дөңгелек үстел болып өтті.
Іс-шара барысында тұжырымдама жобасы бойынша және заңнаманы өзгерту жөніндегі ұсыныстар бойынша пікір алмастық. Сонымен қатар, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ ұжымымен кездесу және өндірістік объектіні аралау ұйымдастырылды.