Танашева
Гаухар
Шаймерденқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудегі мультидисциплинарлық тәсіл» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Ғылыми-тәжірибелік конференция Астана Медицина Университетінің №1 Акушерлік және гинекология кафедрасының және «Астана қаласының Акушер-гинекологтар федерациясымен» бірлесіп ұйымдастырылды.

Конференцияның басты мақсаты –еліміздің барлық аймақтарында ана мен бала өлімін төмендету үшін, халқымыздың репродуктивтік денсаулығын арттыру мақсатында тек стационарда ғана емес, барлық емханаларда да түрлі мамандардың мультидисциплинарлық тәсілмен бірлесе отырып жұмыс істеуі болып табылады.

Шараға еліміздің және ТМД елдерінен келген ғылыми қызметкерлер, сонымен қатар Астана қаласының барлық медициналық ұйымдарынан денсаулық сақтау саласындағы менеджерлер, акушер-гинеколог– репродуктолог дәрігерлері, эмбриолог мамандары, жалпы практика дәрігерлері мен терапевттер, эндокринологтар, уроандрологтар, онкологтар және де басқа мамандар қатысты.Image title

Image title