Фестиваль «Жастар» сарайында үшінші күн өтіп жатыр.
Шара барысында көрме-жәрмеңке ұйымдастарылған. Жәрмеңкеден түскен қаржының 10 пайызы қарттар үйіне жұмсалады екен. Сонымен қатар, қолөнершілер шеберлік сағаттарын өткізуде. Және қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері көрсетіліп, қызықты ойындар ұйымдастырылған.
*Фестивальге қатысушылардың басым бөлігі көпбалалы аналар екенін атап өткен жөн. Олардың үнемі дамып, ешкімге масыл болғысы келмей, өздерінің отбасылық кәсіптерін ашып жатқандары қуантады.*