Кеше әріптестеріммен Ақмола облысындағы Атбасар және 400км қашықтықта орналасқан Есіл қаласы мен Ленинское ауылында болдық.
Судың қарқыны әлі қайтқан жоқ, Атбасар және Қостанай тас жолын су шайып кетті деген ақпаратқа байланысты, біз жолға шыға алмай, Жақсы деген ауылда қалған болатынбыз.
Су тасқынынан зардап шеккен отбасылар эвакуациялық пунктқа көшірілген екен. Сол жерде болып, азаматтардың қал-жағдайын біліп, қалай тұрып жатқандарын және қандай көмек керектігін сұрап қайттық.
Әрине, бірінші кезекте барлық азаматтарды тұрғын үй мәселесі алаңдатады.
Үйлер саз балшықтан соғылған, толығымен су астында қалды. Қалпына келтіруге келмейді. Бұл отбасылардың алдағы күндері қалай болатыны алаңдатады.
Тұрғын үймен қамтамасыз ететін кепілдік болуы қажет деп санаймыз.
Екінші мәселе - мұндай жағдайда зардап шеккендерге берілетін төлем 50 АЕК құраған. Кәзір оны 100 АЕК көбейтті. Бірақ бұл қаражат соның өзінде аз!
Адамдар онсыз да баспаналарынан айырылып отыр, одан бөлек несие, күнделікті өмір сүруге арналған басқа да қаншама шығындары бар.
Қазір еліміз қиын жағдайды басынан өткеріп жатыр, бірақ қандай сынақ болмасын, біз - Қазақстан халқы барлығын еңсеріп келе жатырмыз, осыны ұмытпайық.
Біздің күшіміз - бірлігімізде!
Еліміз аман болсын!