Танашева
Гаухар
Шаймерденқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында кездесу

Бүгін сіздермен өзіме мақтан тұтатын, кәсіби өмірім мен мансабыма үлкен әсер берген, менің сүйікті білім ордам - Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты туралы бөліскім келіп отыр. Бұл институт - еліміздегі кардиология,кардиохирургия,

интервенциялық кардиология және медицинаның басқа салаларындағы жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдарының бірі болып табылады.

Осы жерде клиникалық ординатурадан өтіп, кардиологиядағы алғашқы білімім мен тәжірибемді алдым. Әр тапсырмаға аса зейінділікпен және кәсібилікпен қарауды үйрендім. Дәл осы жерде жүріп дәрігер болудың не екенін, яғни ол - адамдарға қызмет ету, оларға көмектесу, үміт пен денсаулық сыйлау екендігін түсіндім.

Институт жоғарғы жетістіктерге жеткен: JCI халықаралық аккредиттеу және Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты болуының өзі - мұнда көрсетілетін медициналық көмектің жоғарғы деңгейін растайды. Институтта 9 медицина ғылымдарының докторы, 23 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы және басқа да білікті мамандар жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы медицинамыздың дамуына және дәрігерлердің жаңа буынын оқытуға күнделікті үлес қосып келеді.

Мұнда алған білім, тәжірибе, дағдылар мен құндылықтар үшін институтыма алғысым шексіз. Ординатураның бұл кезеңі мен үшін әрқашан жоғарғы стандарттардың, өз ісіне адалдықтың және үнемі алға ұмтылудың символы болып қалады.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты әрқашан өркендеп, дамып, жаңа мамандарды медицинада үлкен жетістіктерге жетулеріне шабыттандыра берсін! Азаматтарымыздың денсаулығы үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз үшін мың алғыс!