Парламентте біз жаңа бағыт – Инклюзивті Парламент құрдық және мен осы комитеттің хатшы қызметін атқарамын.
Бұл мәселе маған өте жақын, өйткені мен оны тереңінен түсінемін.
Ерекше қажеттіліктері бар баланың анасы ретінде мен күн сайын біздің балаларымыз бен ересектер үшін қолдау мен инклюзивті мүмкіндіктердің қаншалықты маңызды екенін байқаймын.
Бізге күнделікті қоғамдық бірлестіктерден инклюзия мәселелеріне қатысты алаңдаушылық білдіретін хаттар мен өтініштер келіп түседі.
Біздің мақсатымыз – сан алуан пікірлерді жинақтап, талқылап, заңнамалық актілерге енгізу жөнінде ұсыныстар жасау.
Инклюзия мен үшін жай ғана сөз емес. Ол даму ерекшеліктеріне қарамастан әрбір адам тең мүмкіндіктерге және қоғамның игілігіне қол жеткізуге болатын әлеуметтік дамыған мемлекеттің өркендеуінің кілті.
Біз балаларға да, ересектерге де қолдау мен инклюзивті мүмкіндіктер беру арқылы олардың өмірін жақсартуға тырысамыз.