Танашева
Гаухар
Шаймерденқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Инклюзивті Парламенттің отырысы

Күн тәртібінде инклюзивті білім беру және мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру сұрақтарын қарастырдық.

Отырыс барысында ерекше білім беруді қажет ететін адамдар үшін арнайы мектептерді, «балабақша–мектеп– колледж» кешендеріне трансформациялау, колледждердегі біліктіліктер тізбесін қайта қарастыру, колледждер базасында педагог-ассистенттерді даярлау, жүріп-тұруы қиын балаларды жеке сүйемелдеу бойынша жаңа штаттық лауазымды енгізу, арнайы педагогтерді қайта даярлау және т.б мәселелер талқыға салынды.

Ал мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бойынша, мамандықтардың 400-ден астам түрін айқындауға мүмкіндік беретін «Кәсіптер атласы» әзірленгені, сонымен қатар «Еңбек» цифрлық платформасында бұл санаттағы адамдар үшін бос жұмыс орындарының жеке бөлімі бар екендігі атап өтілді.

Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға әлеуметтік ықпалдасуы үшін жүйелі шаралар қабылдауда.



Image title